Автосервис

ТҰТАНДЫРУ БІЛТЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОТТЫ ОРАМАЛАРДЫ АУЫСТЫРУ

Тұтандыру білтелері және отты орамалары– бензинді қозғалтқыштар үшін өте маңызды элемент болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛУЫ

Тұтандыру білтесі – бензинмен жұмыс істейтін іштен жанғыш қозғалтқыштағы ауа мен жанармай қосындысын тұтандыруға арналған бөлшек. Тұтандыру электродтар арасындағы бірнеше мың кернеу электр разряды арқылы болады. Тұтандыру білтесі бензинді қозғалтқыштың оптималды жұмыс істеуінде шешуші фактор болып табылады.Тұтандыру білтесінің жұмысы жоғары кернеулі тоқты беру және ауа мен жанармайдың қосындвсвн жағу.
Отты орама – төмен ернеуді жоғары импульске айналдыратын автомобильді оталдырудың элементі болып табылады.Катушкада пайда болатын жоғары кернеу тұтандыру білтесінң электродтары арасында шоқты тудырады.

ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ІСТЕН ШЫҒУ БЕЛГІЛЕРІ

Бензинді қозғалтқыштың сақталуы тұтандыру білтесінің қаншалықты жиі ауысуына байланысты болады.Қалыпты жұмыс істейтін тұтандыру білтесі электр разрядын жеткілікті кернеумен беруі қажет және қабыршықпен қапталмауы керек. Егер схема дұрыс жұмыс істемесе бөлшекті алмастыру қажет. Егер автокөлікте келесі құбылыстар байқалған болса, қозғалыс кезінде жұлқыну, стартер бірден қосылмауы, отын шығыны жоғарылап, динамикасы төмендеген болса, тұтандыру білтесін ауыстыратын уақыт келді.Жаңа автокөліктер панельдегі Check Engine индикаторы арқылы жүргізушіге қоғалтқыштың ақауларын көрсететін борттық компьютермен жабдықталған.Қозғалтқыштағы ұшқын жоғалуын азайту үшін және максималды өндірімділігін сақтап қалу үшін тұтандыру білтелерін істен шықпай тұрып аустыру керек.Тұтандыру білтесін өндірушілер жұмыс істеу мерзімін дайындалған материалдарына қарай белгілейді. Содан, классикалық білтелердің орташа жұмыс істеу мерзімі 50 мың километрді құрайды (30-35 мың км). Платиналық және иридилік үшін 90 мың километрден аспайтын. Әрине бұл көрсеткіштер құйылатын бензиннің сапасы мен қозғалтқыштың жағдайына қарай өзгеруі мүмкін.

ТҰТАНДЫРУ БІЛТЕСІН ДҰРЫС ТАҢДАУ

Тұтандыру білтесін таңдауға жауапкершілікен қараған дұрыс.Дұрыс таңдамаған жағдайда қозғалтқыштың жұмысы тоқтауы мүмкін, кей жағдайда от алмауы да мүмкін.Автокөлік шығарушылар әрбір көлік маркаларына белгілі тұтандыру білтесін ұсынады.

ТҰТАНДЫРУ БІЛТЕСІ МЕН КАТУШКАНЫ АУЫСТЫРУ СЕРВИСІ

Егер сізге тұтандыру білтесін немесе катушканы алмастыру қажет болса ТҚКО мен қосалқы бөлшектер дүкеніне барудың қажеті жоқ. Бізге телефон шалсаңыз жеткілікті! Біздің мастерлер сіздің көлікке келіп ауыстырып береді.Сонымен қатар, тұтандыру білтесін дұрыс таңдап, қол жетімді бағаға алып келеді.Дұрыс таңдау үшін сізге автокөліктің VIN кодын немесе сипаттамасын айту қажет болады.

Автокөлік шамдар мен барабандар бағасын табыңыз

VIN кодын жіберіңіз Ненің қолданатынына жазу
FaLang translation system by Faboba